• Байқауға кез-келген көркемдік техникада (кескіндеме, графика, нақыштау және т.б.), аппликациялық, коллаждық, компьютерлік графикалық жұмыстар қабылданады.
• Кез келген материалмен жасалған жұмыстар (фломастер, акварель, гуашь, акрил және т.б.)
• Жұмыстың мөлшері А1, А2, А3, А4. Стандарт емес көлемдегі жұмыстар да қабылданады.
• Жұмыстын автор толықтай өзі жасаған тұпнұсқа болуы қажет.
• Бір автордың бірден үшке дейін жұмыс қабылданады. Тақырыпқа сай эссе жазуға болады (бұл міндетті талап емес).
• Жұмыстарда автор туралы мәлімет болуы керек (аты-жөні, жасы, өңірі, қаласы / ауылы, телефон, электрондық пошта).
• Жұмыстар электронды түрде де, түпнұсқада да қабылданады (өз таңдауыңыз).
• Электрондық нұсқадағы жұмыстарды байқаудың
www.alembala.kz ресми сайтына жүктеу қажет (сайтқа жұмыстарды жүктеу - жұмыстарды ұйымдастыру комитетіне жіберу болып саналады. Демек жұмыстар сайттың бетіне нақты жүктелмейді.
• Жұмыстар тұпнұсқа түрінде мына пошталық мекен-жайда қабылданады:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050026, Әуезов көшесі, 14а үй
"Балалар Әлемді Бейнелейді" Қоғамдық Қоры.
Бір немесе бірнеше шарттарға сәйкес келмейтін жұмыстар, сондай-ақ толық толтырылмаған өтінімдер байқауға жіберілмейді.
Жобаның 1 кезеңінің жеңімпаздары ("Жануарлар менің достарым!" байқауы) - "Менің жасыл планетам" байқауына қатыса алады, бірақ 2-ші рет жеңімпаз бола алмайды.