Балалар мен ересектер жануарлар мен өсімдіктер жер
бетіндегі тіршіліктің негізі, сонымен қатар, экожүйе функциялары мен
азық-түлік қауіпсіздігі және Жердегі тіршілікті қамтамасыз етуде маңызды рөл
атқаратынын білуі керек.
«Жануарлар - менің достарым»
Бүкілқазақстандық балалар сурет байқауы өскелең ұрпақты маңызды экологиялық
мәселелерді шешуге, табиғатқа, жануарлар мен өсімдіктерге құрметпен қарауға,
сондай-ақ, экологияны, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауда ересектердің бала
көзқарасын ескеру мақсатында өткізіледі.
Бұл жоба адамдарға,
жануарларға, өсімдіктерге және қоршаған ортаға деген мейірімділік пен құрмет
қажеттілігі түсінігін жетілдіруге бағытталған. Табиғатқа, жануарларға
қамқорлық танытуға үйрету арқылы балалардың бойына мейірімділік пен
қайырымдылық сияқты әлеуметтік маңызды қасиеттерді сіңіруге болады.
«Жануарлар - менің достарым» Бүкілқазақстандық бала суреттері
байқауы Қазақстанның 2030 жылға дейін арналған тұрақты даму мақсаттарының
күн тәртібін жүзеге асырып, өскелең ұрпақ арасында ТДМ насихаттауға, сонымен
қатар, жануарларға, өсімдіктер мен табиғатқа қамқорлық танытудың
маңыздылығын түсіндіруге бағытталған жұмысты дұрыс жүргізу мақсатында
ұйымдастырылып отыр.
Гуманизм мен мейірімділік балалық шақтан
қалыптасатын аса маңызды адами құндылықтар. Ал сендер, Балалар, жануарлар
мен табиғатты қорғау арқылы қайырымдылық пен мейірімділікке үйрене
аласыңдар. Сендер мұны жануарлар мен экологияны қорғау тақырыбына салған
суреттерің мен жазған эсселеріңді жіберіп, байқауға қатысу арқылы жүзеге
асыруларыңа болады. Сендердің шығармашылықтарың мен дарындарыңа тәнті болған
ересек жандар айналасына, өзекті мәселелерге сендердің көздеріңмен қарап,
ойланып, жалпы табиғатқа деген көзқарастарын өзгертулері мүмкін.
Біз, ересектер, Сендерге – келешек ұрпаққа гүлжайнаған планета
қалдырып, Сендердің бойларыңда Жер шарындағы барлық жануар мен өсімдік
әлемінің саналуандығын сақтап, жалпы Жер-ананың барлық ресурсына
сыйластықпен қарайтындай сана қалыптастыруға міндеттіміз.
Сондай-ақ, сендердің бойларыңда «ересек» әлеммен байланыстың дағдалары
қалыптасып, өз құқықтарыңды жүзеге асыруға араласып, өздеріңнің міндеттерің
мен мүмкіндіктеріңді пайдалануды үйренгендерің өте маңызды. Байқаудың
қорытындысында сендер ересектерге жануарларды қорғау мен табиғатты сақтау
жөнінде заңдарға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс жасай аласыңдар.
Байқаудың бас әріптесі
«EDUStream» Компаниясы супер-сыйлық ұсынып отыр – Жеңімпаз өз
жұмысын Австрияның Вена қаласындағы байқауға алып барады
[короновирус эпидемиясы аяқталғаннан соң], ал ынталандыру сыйлықтары
ағылшын тілін үйренуге арналған тамаша кітаптар.